Хасенов Әмеди

21.02.2016

Amedi_HasenovХасенов Әмеди (1927-1990) – Жаңаарқа ауданы Ақтау өңірінде туған. Тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1955), профессор (1988). ҚазПИ-ді бітірген (1949). 1952-57 жж. Алматы шетел тілдері институтында орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, жоғары партия мектебінің оқытушысы, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, 1957 жылдан өмірінің аяғына дейін шетел тілдері педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, қазақ және орыс тілдері, қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің грамматикалық құрылысы, жалпы тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Негізгі еңбектері: «Қазақ тіліндегі сан есімдер» (1957), «Жай сөйлемдер және синтаксисті оқытудың кейбір мәселелері» (1957), «Пунктуацияны оқыту жолдары» (1957), «Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері» (1985), «Тіл біліміне кіріспе» (1989), «Тіл білімі» (1996) т.б. Ә.Хасеновтың 8-ші сыныпқа арналып, 1962 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқулығы осы уақытқа дейін пайдаланады. Республикалық «Халық ағарту үздігі» атағы берілген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-451 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-479 бет.