Шаханов Еламан

21.02.2016

Elaman_ShahanovШаханов Еламан – 1944 жылы Жаңаарқа ауданында туған. Ғалым-агроном, биология ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). ҚР ҰҒА-ның академигі (1994). ҚР еңбегі сіңген қайраткері (2007). ҚР ҰҒА ауылшаруашылық бөлімінің бюро мүшесі, көптеген ғылыми кеңестер мен ғылыми қоғамдардың мүшесі. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген (1967). 1967-71 жж. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтында селекция және тұқым шаруашылығы кафедрасының аспиранты, сонда ұстаз, 1971-93 жж. Қазақтың жемшөп және мал жайылымы ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, селекция бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, селекция орталығының жетекшісі. 1993-2003 жж. Павлодар ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ақмола облысы Шортанды кентінің А.И.Бараев атындағы Қазақ бидай шаруашылығы ҒЗИ-ның директоры, 2003 жылдан бастап Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ҒЗИ-ның директоры. Е.Шаханов ауылшаруашылығы дақылдарының генетикасы мен селекциясы саласындағы ірі ғалымдардың бірі. Ол дүниежүзілік селекция-генетика тәжірибесінде бірінші рет қуаң аймақтарда сирек кездесетін жемшөптік өсімдіктердің эксперименттік жолмен полиплоидтік түрлерін – хромосома санын диплоидтен октаплоидқа дейінгі деңгейге жеткізіп, дүниежүзілік генқорының коллекциясын толтыруға және ауылшаруашылық дақылдардың селекциясын әрі қарай дамытуға мүмкіндік ашты. Ауылшаруашылығы өсімдіктерінің 14 сортын («Ертіс-97» жаздық бидайы, жүгерінің «Цунами-80» сорты, «Толағай» еркекшөбі т.б.) шығарды. 120-дан астам ғылыми еңбектердің авторы. Жаңа сорт шығару жөніндегі 8 авторлық куәліктердің иегері. 4 медальмен, ҚР Президентінің екі Алғыс хатымен марапатталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-475 бет.