Электронды қызмет көрсету бөлімі

21.02.2016

Электронды қызмет көрсету бөлімі 2010 жылдың қаңтар айында жеке бөлім болып ашылды. Бөлімде 4 қызметкер жұмыс атқарады. Бөлімнің міндеттері: РАБИС бағдарламасының жұмысын қадағалайды. Тематикалық МБ және ЭК – басқарады. Жергілікті желіні басқарады. Кітапхананың веб – сайтын қолдап, дамытады. Компьютерлік техниканы орнатып, техникалық қызмет көрсетеді және жаңартады; Бағдарламалық қамсыздандыруды орнатады және баптайды. Сатып алу мақсатында, техникалық және бағдарламалық өнімдер нарығын игерумен айналысады.  Техника және бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алу, кітапханалық үрдістердің автоматтандырылуын әрі қарай дамыту жобаларына перспективалық және жылдық жоспарлар құрады. Кітапхана қызметкерлерін жаңа техникалық және бағдарламалық құрылғылармен жұмыс істеуге үйретеді. Кітапхананың құрылымдық бөлімшелерінің бекітілген технологиялардың орындалуын бақылайды және үйлестіреді. Автоматтандыру және ақпараттандыру сұрақтары бойынша конференциялар, семинарлар және т.с.с. жұмыстарына қатысады. Қолданушыларға РАБИС бағдарламасының электронды мәліметтер базасы, «Заң» мәліметтер базасы, СИН бағдарламасы, ҚР Президенті жанындағы «Адам құқықтары жөніндегі цифрлық кітапхана» бағдарламасы, интернет жүйесі бойынша электрондық ресурс қызметтерін ұйымдастырады және ұсынады. Қолданушыларға ақпаратты – коммуникативтік, ақпаратты – әдістемелік, сервисті қызмет көрсету:

  • Қолданушыларға сервистік қызмет көрсету;
  • Бөлімнің ақпараттық ресурстары негізінде қолданушылардың сұранысын орындау;
  • Аудандық кітапхананың басқа бөлімдерінің қорынан CD – ROM қарау;

      Бөлімнің ақпараттық ресурстар негізінде оқу – әдістемелік құралдар, ұсынушылық тізімдер және де басқа ақпараттық материалдарды дайындайды. Қосымша сервистік қызмет көрсетеді. Әдістемелік және технологиялық құжаттамаларды дайындау, оқыту шараларын өткізеді. Бөлім қызметін дәріптеу бойынша және оның қызметін жарнамалау бойынша шаралар ұйымдастырады және өткізеді. Бөлім қызметін жоспарлап, ақпарат есебін жазумен айналысады. ОКЖ құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынаста болу. Интернет (қызметтердің жаңа түрлері мен формаларын енгізу қажеттілігі, қолданушылардың жергілікті және алыстатылған мәліметтер базасына қол жетерлігін ұйымдастыру, қолданушылардың электронды ресурстарға қол жеткізуін ұлғайту, кітапханашылар мен қолданушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік және де басқа ақпараттық ресурстарға тең құқылы қол жеткізуді қамтамасыз ету).

 

«Электронды қызмет көрсету» бөлімінің телефоны: 8 (71030) 2-75-50