Қаратайұлы Бейсек

21.02.2016

Қаратайұлы Бейсек (1895-1937) – руы Алтай Қалыбек. Репрессия құрбаны. Халық әншісі Шабал Бейсекованың әкесі. 1923 жылы Асанқайғы болысының болатком төрағасы болған. ХХғ.-дың 20-30-шы жылдары Жаңаарқа, Жезқазған, Қарсақбай, Ақмолада прокурор, сот, 福汇官网 адвокат болып істеген. 1934-37жж. Алматыда адвокат, 1937 ж. наурызынан желтоқсанға дейін ҚазПИ-де есепші (бухгалтер) болып қызмет атқарды. 1937 ж. 12 желтоқсанда «халық жауы» ретінде  ұсталып, атылған. С.Сейфуллинмен пікірлес, сырлас болған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-297 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-493 бет.