Қасейінов Дүйсен

21.02.2016

Duisen_KaseinovДүйсен Қорабайұлы Қасейінов 1947 жылы туған. Жаңаарқаның түлегі. Скрипкашы, профессор, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1984). «Тарлан» сыйлығының лауреаты. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыка училищесін (1965), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтын (1970) бітірген. Қазақ радиосы мен теледидары камералық оркестрінің әртісі (1966-70), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ассистент-стажері (1970-72), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы (1972-1978), КСРО Мәдениет министрлігі музыканттар тобының жеекшісі, Мехико қаласы филармония оркестрінің әртісі (1978-81), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы скрипка кафедрасының меңгерушісі, доценті (1981-84), Қазақстан КП Орталық комитетінің мәдениет бөлімінің нұсқаушысы (1984-87), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры (1987-97), ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау instant knockout fat burner министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы (1997-99), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы (1999-2001), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің вице-министрі (2001-02), «Дегдар» гуманитарлық қорының президенті (2002-03), ҚР Мәдениет министрі (2003-04), ҚР Сыртқы істер министрлігі ерекше тапсырмалар бойынша елшісі-ҚР Сыртқы істер министрлігі ерекше тапсырмалар бойынша елшісі-ҚР ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық  коммисияның Бас хатшысы (2004-05),Қ.Р. Сыртқы істер министрлігі ерекше тапсырмалар бойынша елшісі –ҚР мәдени- гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша ТМД-дағы арнайы өкілі (2005-08) қызметтерін атқарды.2008 жылдан ТҮРКОЙ халықаралық ұйымының Бас директоры. «Құрмет» (2000), «Парасат» (2007) ордендерімен, Ресей Федерациясының «Достық» (2007), Польшаның «Поляк мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» (2007) ордендерімен, 5 медальмен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (1994) марапатталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-300 бет.