Қызмет көрсету бөлімі. Абонемент

21.02.2016

        Абонемент бөлімі кітапхана ашылған күннен бастап оқырмандарға қызмет көрсетеді.  Абонемент бөлімінің кітап қорын ересек және жасөспірімдер толығынан пайдалана алады. Кітап қоры қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен қатар әр түрлі білім салаларындағы әдебиеттер, оқулықтар, көмекші оқу құралдарынан құрылған. Кітап қорының жалпы саны 29108 дана. Мемлекеттік тілдегі басылымдар 20405 дана.

    Бөлімге жазылу ақылы қызмет секторының арнайы талоны және оқырманның жеке куәлігі арқылы жүргізіледі. Әдебиеттер негізінен 15 күнге, сонымен қатар оқырмандар сұранысындағы аз мөлшердегі басылымдар белгіленген ережеге сәйкес беріледі.

       Бөлімде кітапханаға келуге мүмкіншілігі жоқ қарт және жүріп тұруы шектеулі оқырмандарға басылымдарды үйге апарып беру қызметі көрсетіледі.

   Оқырмандар назарына бөлімдегі «Ақиқат» әуесқойлар қоғамдық клубы ұйымдастырылған сөз таластары, оқырмандардың білім сайыстары мен конференциялар, зерделі ойындарының тыңдаушысы бола отырып, ынталы оқырманның алдағы уақытта клуб мүшесі болуына мүмкіндігі бар.

Оқу залы

       Оқу залының кітап қоры энциклопедиялардан, анықтамалық құралдар мен оқулықтардан кітапхананың ең құнды және сирек кездесетін басылымдарының жиынтығынан құралған бөлім қорындағы мемлекеттік тілдегі түрлі бағыттағы білім салаларын қамтитын кітаптар қазақ және орыс тілдерінде жинақталған. Кез келген оқырман оқу залының кітап қорынан таба алмаған кітаптарын кітап қорын сақтау бөліміне тапсырыс беру арқылы алып пайдалануына болуына толық мүмкіндігі бар. Кітап қорында мүлдем жоқ немесе оқырман пайдалануында болуына сәйкес керек басылымын оқырмандар Қазақстанның және шетел кітапханаларының электрондық құжаттар көшірмесін Интернет арқылы алуына болады.

                  Оқу залы үзіліссіз оқырмандарға қызмет көрсетеді.