Әбдіханов Аманбек

21.02.2016

abdiahznovӘбдіханов Аманбек Түсіпханұлы – (1948-2006) – Ағадыр ауданының Ақжартас ауылында туған. Агроном – экономист, Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын бітірген (1970). Ағадыр ауданындағы «Қарабұлақ» кеңшарында еңбек және жалақы жөніндегі экономист, бас экономист, партком хатшысы, «Октябрьдің 40-жылдығы» атындағы кеңшардың 铁汇 директоры болып істеді. 1992-1997жж. Жаңаарқа ауданының әкімі, 1997-2000жж. облыстық көші–қон басқармасының бастығы, 2000-2004жж. Абай ауданының әкімі, 2004-2005жж. «Қарағанды облысының су шаруашылығы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметтерін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-112 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-486 бет.