Әбілдина Қарақат

21.02.2016

Karakat_AbildinaӘбілдина Қарақат

Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы 1978 жылы 6 сәуірде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясына түсіп, осы оқу орынын 2000 жылы домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітіріп шығады. 1998 – 2003 жылдар арлығында Мемлекеттік «Салтанат» ән-би ансамблінде жұмыс істеген.  Ал 2001 жылы халақаралық «Шабыт 2001» байқауына қатысып дипломант атанады.  2003 жылыдан бастап Мемлекеттік «Гүлдер» ансамбілінде алдыңғы қатарлы әнші болып жұмыс істейді. 

    Қазақтың Ұлы композиторларының шығармаларын және де көнеден мұра болып келе жатқан әндерді нақышына келтіре орындайтын осы бір талантты жан туралы не айтуға болады? Қарақат – Қазақстан эстрадасында өзіндік лайықты орнын бекіткен әнші. Қазіргі кезде ол бар күш-қуатын шығармашылық ізденістерге жұмсауда. 1996 жылы Санкт-Петербург қаласында (Ресей) өткен Халықаралық балалар фестивалінде қонақ ретінде қатысқан. 1999 жылы Белгияда өзінің жеке концерттік бағдарламасын өткізді. 2005 жылдың наурыз айында Қазақстан Жастар Одағының сыйлығына ие болған

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа: Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-114 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-360 бет.