Әдістемелік бөлім

21.02.2016

Әдістемелік бөлім Жаңаарқа ОКЖ дамуына арналған ең маңызды құжаттарды дайындайды. Кітапхана қызметін түрлі бағыттар мен құрылымдық бөлімшелер арқылы талдау (басшылық тапсырмасы және бөлім тапсырыстарын). Стратегиялық және жедел шешімді қажет ететін жағдайларды анықтайды, керекті ұсыныстарды дайындайды.

Кітапхананың жұмыс тәжірибесіне жаңашылдықты өндеруге ықпал ету: кітапханалық жаңа өндірулер туралы мәліметтер жинау, ақпарат және топтастыру, қызметкерлерге оны игеруде көмек беру, жаңа формалар мен әдістерді тәжірибелік сыннан өткізеді.

Мемлекеттік бағдарламаны қабылдауға, кітапханалық жобаларды құрастыруда бастама көрсетеді. Кітапхана жұмысын алдағы жылға жоспарлауға жылма-жыл ұсыныстар дайындайды.

Кітапханалық қызмет түрлерін (қызмет көрсетудің толыққанды болуы мен бюджеттен тыс көздерді тарту мақсатында) кеңейтуге ұсыныстар дайындау. Тегін және ақылы қызмет, баға прейскуранттары, ақылы қызметті көрсету тәртібі, түскен қаржының өтуі мен пайдалану ережесінің мүмкін болатын ара-қатынасын (әкімшілік пен бухгалтериямен бірге) анықтайды.

Түрлі кітапханалық-библиографиялық процестерді орындау уақытының мөлшерін (кітапхана басшылығының тапсырмасымен және барлық бөлімдермен бірігіп) дайындайды.

ОКЖ бөлімдеріне әдістемелік кураторлық (жетекшілік) қызметі. (Түрлі өндірістік мәселелерге кеңес беруге, білім дәрежесін көтеру сабақтарына қатысуға).

 Кітапхана мамандарын аттестациялық сыннан өтуге дайындап, өткізеді және қортындылайды (белгіленген мерзімде). Оқырмандарға кітапханалық қызмет жағдайының мониторингі. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің Мәдениет комитеті мен облыс басшыларына белгілі ұсыныстар бойынша талдау материалдарын құрастырады. Басқа да қорытынды материалдар дайындайды.

 Басқа да республикалық кітапханалармен ҚРКА кітапханалық заңдылықтар секциясымен бірігіп Қазақстан кітапханаларының қызметін реттеуші, оның ішінде жасөспірімдермен жұмыстың мәселелері бойынша, заң жобаларын және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындауға қатысады.

 Кітапхана қызметтің жағдайын зерттеу және ең қызықты тәжірибелерін анықтап, кітапханаларға әдістемелік жұмысты, әдістемелік көмекті көрсету үшін жоспарлар жасау. Қорытынды материалдар дайындау. Іссапар қорытындылары бойынша материалдарды жолсапарға шыққан ОКЖ қызметкерлерінің мерзімінде тапсыруын бақылайды.

Кітапхана қызметкерлерінің білім көтеруінің жалпы кітапханалық сабақтарын және басқа да кәсіби білімді үздіксіз көтеру шараларын ұйымдастырады.

 ОКЖ шеңберінде түрлі жергілікті зерттеулер мен эксперименттер (басқа да бөлімдермен бірге) өткізу: тақырыбын анықтау, зерттеу бағдарламасы мен әдісін құрастырып, осы бағытта Кітапхана қызметкерлеріне кеңес береді. Зерттеу мен эксперименттер қорытындысын ұйымдастырып және шығарып, қатысты ұсыныстар дайындап, оны ұжымдық талқыға шығарады.