Кітапханашылар арасында өткізілетін «Идеялар жәрмеңкесі» байқауының ЕРЕЖЕСІ

14.03.2016

Бекітемін

Жаңаарқа ауданының

орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

К.М.Исаберлина

Кітапханашылар арасында өткізілетін

«Идеялар жәрмеңкесі» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты:

  • Кітапхана саласында жұмыс түрлерінің жаңа үлгілерін енгізу
  • Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру
  • Тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

 

Байқау шарттары:

  • Байқауға аудандық және ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысады.
  • Әрбір сайыскер ұжым алдын ала берілген тақырыпты жан-жақты ашуы тиіс;
  • Тақырыпты ашуда сайыскерлер әртүрлі сөз сайыстары, сыр сұхбат, кітап көрмесі, ойындар өткізіп, слайдтар пайдалануы тиіс тақырыпқа сай буклеттер шығарып үлестіруі керек;
  • Оқырмандар ретінде кітапханашылармен жұмыс жасаулары тиіс.

 

Бағалануы:

  • Құрылған сценарийлердің мәні мен мазмұны
  • Берілген тақырыпты ашуда қолданылатын көрнекі құралдар
  • Сайыскерлердің сөйлеу мәнері,
  • Оқырмандармен жұмыс жасау тәсілдері,
  • Электронды тақтамен жұмыс жасай білуі

 

Байқау қорытындысын алдын ала тағайындалған қазылар алқасы шығарады.

Жүлдегерлер арнайы грамоталармен, сыйлықтармен марапатталады.

Байқау өлшемі:

Бас жүлде – 1

І орын – 1

ІІ орын – 2

ІІІ орын – 2

Сұрақ, өтініштеріңізді «Идеялар жәрмеңкесі» байқауының ұйымдастырушылары әдістемелік бөлім қызметкерлері қабылдайды. Байланыс нөмірі: 27550