“Бір ел – бір кітап” 2016. Дулат Бабатайұлы “Өсиетнама”

19.05.2016

akciya

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік – рухани дамуына ықпал жасау.

Ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы 2016 жылғы кезекті  жыл кітабы таңдалды. Басым дауыс ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» шығармасына берілді. Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сандықтас қонысында дүниеге келген. Қазақ ақындары дәстүрінде тәлім алған  талант иесі. 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болады. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси – әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген.  Дулат Бабатайұлының шағын сюжетті тымсал өлең, дастан жанрларындағы терең ойлы, көркем бейнелі, маңызы мен мәнін мәңгілік жоғалтпайтын жыр жаухарлары қашан да тағылым мен тәрбиенің құралы, өлең – өнердің өлмес туындылары қатарында тұра берері кәміл.

Сакен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана барша аудан тұрғындарын Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақырады!!!

Дулат Бабатайұлының өмірбаяны

Дулат Бабатайұлының кітаптары

“Өсиетнама” Дулат Бабатайұлы