«КІТАПХАНА ТҮНІ – 2016»

19.05.2016

2016 ж. 13 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханада «Кітапхана түні» акциясы екінші мәрте ұйымдастырылып өткізілді. Акция бағдарламасында  ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Бір-ел, көрнекті қайраткер, энциклопедияшыл ғалым әрі публицист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жылдығына,  «Бір – ел, бір – кітап» акциясы бойынша ұсынылған жыл кітабы болып таңдалған XIX ғасыр ақыны, реалист ақын  Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы, ҚР-ның ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіровтың 70 жасқа толу және Талғат Мұсабаевтың 65 жасқа толу мерейтойларына арналған іс-шаралар топтастырылып өткізілді. Бұл іс шараға аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, мәдени-сауық орталығының қызметкерлері, жастармен жұмыс жасау  орталығының қызметкерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылар (Б.Амалбеков атынд., О.Жұмабеков атынд., №132 мектеп) қатысып, іс шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысты. Тақырыпқа сай әр бөлім безендірілді.

ОКЖ директоры  Исаберлина К.М «Кітапхана түні» мерекесін ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудан мекемелерінен қатысқан мамандар мен оқушылардан үш  топ жасақталды. Топтар әр алаңда берілген тапсырмаларды қызыға орындап, ойындарға белсене қатысты. Алаңдар атауы бағдарлама тақырыбы бойынша: 1 алаң: «Тәуелсіздікке 25 жыл»  алаңы, бөлім қызметкерлері: Шайхина С,  Сиязова Г,Естаева Н.

2 алаң: «Бір – ел, бір – кітап» акциясының алаңы, Ахмедина Г, Тусупбаева М, Адилова Ж, Акимова Ж, Ибраева Н.

3 алаң:  «Алаш орда» алаңы, Оралбаева А, Смайлова Ж, Тусупова С, Абдрашитова А.

4 алаң: «Ғарышкерлер алаңы» деп аталды.Акимова С, Жунусова Н, Акимова Д, Смагулова Н, Сағынтаева З.  «Квест» ойыны  ережелері  түсіндіріліп, жол көрсетушілер жетекшілік етті.

Ойын арасында әннен шашу шашылып, жастарға көпшілік би ұйымдастырды.  Ойынға қатыспаған оқырмандарға уақыттарын қызықты өткізу үшін  әзіл жұмбақтар, қызықты сұрақтар қойылып, дойбы, шахмат, домино, тоғызқұмалақ ойындары ұсынылды.

Акция барысында аудандық кітапхана тұрақты оқырмандарын марапаттады. Нұрманов Құдайберген – «Алтын формуляр иесі», Сүндетов Калим  «Үздік оқырман»,  Салықова Қарашаш «Белсенді оқырман» номинациялары бойынша марапатталып, сыйлықтар табыстады.

ОКЖ директоры Ғ.М.Исаберлина жеңімпаздарды жариялап, марапаттады. Акция жеңімпазы болып танылған «Алаш орда» тобын және бір деңгейде нәтиже көрсеткен «Ғарышкерлер» тобы мен  «Тәуелсіздік» тобын мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен  марапаттады.

Акцияны ұйымдастырып жүзеге асырған аудандық кітапхана қызметкерлеріне «Алдағы уақытта да осындай қызықты іс-шараларға  жиі қатысып тұрамыз» – деген ниетпен алғыстарын білдіре қонақтар мен қатысушылар көңілді тарқасты.