Рәміздер күніне арналған шара

21.06.2016

03 маусым күні сағат 15/00 де Жаңаарқа аудандық С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Еліміздің  рәміздерін  қастерлейік»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел мақсаты: ҚР Мемлекеттік рәміздерін жан-жакты түсіндіру арқылы адамдардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру.

Дөңгелек үстел Мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Бүгінгі іс-шараға қатысқандар:  Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының қызметкерлері, жастар орталығының мамандары, тілдер бөлімінің қызметкерлері, Жаңаарқа аудандық мұрағатының жоғарғы санатты мұрағатшысы Жакупова Г және кітапхана қызметкерлері қатысты. Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Г дөңгелек үстелді ашық деп жариялап, Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы және авторлары жайында мәлімет айтып, қонақтарға таныстырып өтті. Құттықтау сөз ОКЖ директоры Исаберлина К.М берілді. Мемлекеттік туы туралы аудандық мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Жакупова Гүлім Өміртайқызы баяндап берді.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. ҚР Елтаңбасы жайлы қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ибраева Нүргүл әңгімелеп берді.

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты слайд көрермен назарына ұсынылды.

Барша халық таныған

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі.

ҚР Әнұраны туралы мәліметті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Адилова Жанагүл баяндады. «Ел рәміздері – ел рухы» атты кітап көрмесімен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Тусупбаева Мақпал көрме кітаптарымен таныстырып, шолу жасады. Қатысқан қонақтар: «осындай іс-шара кеңінен өткізіліп тұрса, келер жас ұрпақ санасына халқымызға қастерлі дүниелерді құрметтеуге баулуымыз деп білер едік» – деген ізгі ниеттерін айтып тарқасты.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.