22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Жаңаарқа аудандық Жасөспірімдер кітапханашылары Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде «Тіл арқылы жетіп жатыр өмірге, жан сырларым, тілегім, бар арманым» атты тәрбие сағаты өткізілді. «Тілден асқан жүйрік жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осы колледж студенттері өз шығармашылықтарынан өлеңдерін оқыды. Әмірхан Асхат «Үш тұғырлы тілдерім», Абикеева Асылжан «Ана тілім», Ауданбаева Индира «Қазақ тілі».
Мақсаты: Жасөспірімдерді ана тілін ардақтауға, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, өз үлестерін қосу.