“Елбасы Жолдауы – болашақтың бағыты” атты дөңгелек үстел өткізілді.

13.02.2017

9 ақпан күні сағат 15.00 де Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқу залында Елбасы Жолдауына арналған “Елбасы Жолдауы – болашақтың бағыты” атты дөңгелек үстел өткізілді. Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Г Елбасының 31 қаңтардағы “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты жолдауында еліміздің келешегі үшін нақты бағыттар көрсетіліп, міндеттер жүктелетінін айтып өтті. Дөңгелек үстелге Жаңаарқа ауданының мемлекеттік мұрағатынын мұрағатшысы Жакупова Гүлім, Сакен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи өлкетану музейінің экскурсоводы Шубаев Ерболат және кітапхана қызметкерлері қатысты. Жолдаудың мазмұнымен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Адилова Ж және Ибраева Н баяндап берді. Елбасымыздың жолдауына орай “Елбасы жолы – ертеңге өнеге” атты кітап көрмесімен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұмасейтова Г таныстырып, елбасымыздың кітаптарына шолу жасады. Келген қонақтар Жолдаудың мазмұнымен танысып, өз ой – пікірлерімен бөлісті. Кештің мақсаты жолдаудың мағынасын әр адамға жеткізу, насихаттау болатын.