Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында шыққан «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талдау және насихаттау

14.02.2017

         6 ақпан күні С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқу залында ақпараттық-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында шыққан «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты жолдауын талдау және насихаттау барысында ОКЖ кітапханашыларымен топтық ақпарат сағаты өткізілді оған қатысқандар: Исаберлина. К. М. – ОКЖ директоры

Төребаева. Г. Қ. – Әдіскер

Иманбаева.Ш. Жасөспірім кітапханашысының меңгерушісі

Ахмедина. Г.Қызмет көрсету бөлімі

Нығманова. Ж. Кітап қорын сақтау бөлімі

ОКЖ кітапханашылары қатысты

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ақпараттық-библиография бөлімінің меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Елбасыжолдауында қарастырылған міндеттерімен таныстырып, жүктелген міндеттерді жүзеге асырудың басты бағыттары белгіленгенің түсіндіріп кіріспесөзбен ашып берді. Кітапханашылар  Абдрашитова Айнұр мен Бергенова Гаухар жолдауымен таныстырып өтті.

Қортынды сөз:

Қазақстан-жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Мемлекет құру жолында теңдесіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдміз. Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз депосы жолдауға байланысты кітапхана ұжымының қызметкерлері өз пікірлерін айтып жолдауға қолдау көрсететінін жеткізді.