«Аналар – асыл жандар»

15.03.2017

3 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқу залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне  арналған «Аналар – асыл жандар» атты шоу  ЖИГК колледжінің студенттерімен бірлесіп өткізілді.  Шоуға арнайы шақырылған қонақтар; Нұр Отан партиясының Жаңаарқа ауданы филиалы төрағасының    1 – ші орынбасары  Ә. Аманжолов, Жезқазған Индустриалды Гуманитарлық колледжінің  ұстаздары мен студенттері, Жаңаарқа ауданының мемлекеттік мұрағатынын мұрағатшысы Жакупова Гүлім, Сакен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи өлкетану музейінің экскурсоводы Шубаев Ерболат, кітапхана қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығы КММ – нің кызметкерлері қатысты. Шоу «Тастанды бала» көрінісімен басталды. Бақытты отырған отбасының мұңды оқиғасы көрсетілді. Көрініске ЖИГК колледжінің студенттері мен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары қатысты.  Мерекелік құттықтау сөз Нұр Отан партиясы Жаңаарқа ауданы филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Аманжолов Әсетке берілді. Мерекелік іс-шараны ЖИГК колледжінің студенті  Абибулла Есімхан  және қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұмасейтова Гульзат жүргізді. «Зерде» жылжымалы мәдени сауық кешенінің меңгерушісі Оспанова Гүлшара Мұхатайқызы «Анашым, Әкешім» әнін,  Мәдениет үйінің әншісі Имануров Айтжан Қыздарбектің күйі «Сылқым қыз» күйін қонақтарға тарту етті. ЖИГК жастар құрамасы КВН және  әннен шашу шашты.  Шоу соңында  ЖИГК колледжінің студенті Жұмаділдә Қайырбек пен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ибраева Нургүлдің орындауындағы «Мереке»  әні көпшіліктің көңілін көтеріп тастады.