«Ата дәстүр – асыл қазына» атты мерекелік әдеби-музыкалық кеш

21.04.2017

17 наурыз күні оқырмандарға арналған «Наурыз мейрамына арналған «Ата дәстүр – асыл қазына» атты мерекелік әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылып өткізілді. Бұл іс шараға аудандық кітапхананың барлық бөлімдері мен аудандық жасөспірімдер кітапханасы, балалар кітапханасының кітапханашылары және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Іс шарада ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағамдардың жасалуы туралы айтылып, қатысушылар арасында ұлттық ойындар өткізілді.