«Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты әдеби сазды вернисаж

25.04.2017

20  сәуір күні С.Сейфуллин орталықтандырылған кітапхананың оқу залында  23 сәуір кітап күніне арналған  «Кітап – рухани сарқылмас қазына»  атты әдеби сазды вернисаж  өткізілді. Әдеби сазды вернисажға арнайы шақырылған қонақтар; С.Сейфуллин орталықтандырылған кітапхананың директоры Исаберлина К, Жезқазған Индустриалды Гуманитарлық колледжінің  ұстаздары мен студенттері, Жаңаарқа ауданының мемлекеттік мұрағатынын мұрағатшысы Жакупова Гүлім, Сакен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи өлкетану музейінің экскурсоводы Шубаев Ерболат,  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қанапин Марғұлан Бауыржанұлы, Жастар ресурстық орталығы КММ – нің кызметкерлері және  кітапхана қызметкерлері қатысты. Әдеби сазды вернисажға  ЖИГК колледжінің студенттері ат салысып қатысты.  Құттықтау сөз қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Гүлжахан Сайлаубайқызына берілді.  Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Акимова Жазира және Асылхан Айгерім жүргізді.  ЖИГК колледжінің студенттері  КВН койып, әннен шашу  шашып, көрермендердің көңілін көтеріп тастады.