Асан Жұмаділдиннің 90 жылдық мерейтойына арналған ақпараттық сағат

30.11.2017

16 қараша күні С.Сейфуллин атындағы кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлім кітапханашыларының ұйымдастыруымен Жаңаарқа ауданының тарих сарайының бір кірпішін қалаған жерлес жазушымыз  Асан Жұмаділдиннің 90 жылдық мерейтойына байланысты ақпараттық сағат өтті. Мақсатымыз:Келер ұрпаққа жазушы Асан Жұмаділдиннің өмірі, еңбектерін жүріп өткен жолдарын насихаттау біздің кітапханашылардың міндеті.Ол кісінің туған елге деген сүйіспеншілігін әр – бір кітаптарынан сезіне отырып ілтипатпен еске алуды жөн көрдік. Бөлім меңгеруші А.К. Оралбаева Асан Жұмаділдиннің өмірбаяны мен және еңбек жолдарын таныстырып өтті.Кітапханашы  Бергенова Гаухар «Асан Жұмаділдин 90 жаста» атты кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстырып шолу жасады. Кітапханашы Бақышева Салтанат Асан Жұмаділдинге арналған тұсаукесер және  фотосуреттері жайлы видеоролликті оқырман назарына ұсынды.Ақпараттық сағат соңында оқырмандар мен аудан кітапханашыларымен естелік суретке түсумен аяқталды.