Ағылшын жазушысы Дж.К. Роулингтің “Гарри Поттер және пәлсапалық тас” кітабына негізделген “Хогвартстың сиқырлы әлемі” атты кітапxана түні акциясы

30.11.2017

2017 жылдың 23 қарашасында сағат 18:00-21:30 аралығында Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин атындағы үлгілі кітапxанасында “Даму” клубының ұйымдастыруымен ағылшын жазушысы Дж.К. Роулингтің “Гарри Поттер және пәлсапалық тас” кітабына негізделген “Хогвартстың сиқырлы әлемі” атты кітапxана түні акциясы ұйымдастырылды. Бұл ауқымды іс-шараға Жаңаарқа ауданының бес мектебінің ұстаздары мен оқушылары, колледж студенттері және кітапxананың тұрақты оқырмандары, барлығы 125 адам қатысты. Кітапxана түні акциясы ОКЖ директорының алғыс сөзімен және жүргізушілердің іс-шара ережесін таныстыруымен басталды. “Хогвартстың сиқырлы әлемі” акциясында 8 алаң оқырмандарға қызмет көрсетті.Бұл алаңдарда қатысушылар әртүрлі ойындар ойнап, қызықты сынамалар жасап, жеңімпаз болғандары сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар “Олливандердің сиқырлы таяқшалары” дүңгершегі шеберлік классы ұйымдастырылды. Жыл сайынғы кітапxана түні акциясын Жаңаарқаның балалары мен жасөспірімдері асыға күтеді. Биылғы акциямыз әлем бестселлеріне айналған сиқыршы бала Гарри Поттердің бастан кешкен оқиғасына негізделгендіктен,шарамызға қатысамын деушілердің үлкен қызығушылығы мен белсенділігін тудырды.

“Хогварстың сиқырлы әлемі” кітапxана түні акциясының негізгі ойыны – “Сиқыршылар және пәлсапалық тас” квест ойыны. Бұл ойында қатысушылар кітап желісі бойынша төрт факультетке,яғни 10 адамнан гриффиндор,слизерин,когтевран,пуффендуй болып бөлінді.Квестке ойыншылар сиқырлы қалпақ арқылы іріктелді. Төрт факультеттің сиқыршылары “пәлсапалық тасты” табу үшін квиддич ойыны арқылы мародёрлер картасына қол жеткізді. Осы карта бойынша әр алаңдардан “пәлсапалық тасқа” апаратын сілтемесі бар ойындарға қатысты. Осы квестте барлық алаңдардың сынақтарынан өтіп, сілтемелердің жауабын “жылан тілі” сөздігі арқылы ” тауып, “пәлсапалық тасқа” бірінші жеткен слизериндік сиқыршылар тобы жеңімпаз атанды. Шара соңында барлық квестке қатысқан ойыншылар және де кітапxана іс-шараларына үнемі белсене қатысып жүрген: Б.Амалбеков ЖОББМ-нің оқушылары Салащенко А., Кейкова М., Бейсенова А., №132 ЖОББМ-нің оқушысы Достаев З., ЖИГК колледжінің студенттері Ауданбаева И., Аманова И., Мамраева А. кітапxана атынан алғыс xаттармен марапатталып, сыйлықтар берілді.