«Бір ел – бір кітап 2017» акциясы

08.12.2017

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті.  Ендеше Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін ел болып оқиық! Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі. Ұлт үшін күрескен қайраткер. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы елімізді, ең алдымен, мәдени мұрамызбен, шығармашылық әлеуетімізбен ілгерілетуге үндейді. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлттық идеяның жыршысы. Қай кезді алып қарасаң да, қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Сұлтанмахмұт жастық жігерімен, патриоттық жырларымен жастарға үлгі болады. Өлеңдерінде жастарды оқу-білімге шақырды. Демек, бүгін де һәм болашақта да елеулі өзгерістердің орын алуы – жастардың қолында. Оқырман  ұрпақ – Қазақстанның болашағы.

С. Торайғыров “Кім жазықты?” онлайн оқу

С. Торайғыров “Кедей” онлайн оқу

С. Торайғыров “Зарландым” онлайн оқу

С. Торайғыров “Шығармалар” І том онлайн оқу

С. Торайғыров “Асыл сөз” онлайн оқу

С. Торайғыров “Таныстыру” онлайн оқу

С. Торайғыров Очерктер, мақалалар, хаттар

С. Торайғыров “Өлеңдер жинағы”