«Елбасы – ел тірегі» атты портрет кеші өтті

08.12.2017

2017 жылдың 29 қараша күні  С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Елбасы – ел тірегі» атты портрет кеші өтті. Аудандық мұрағат қызметкерлері, мұражай қызметкерлері, оқырмандар, мектеп кітапханашылары мен оқушылар қатысты. Портрет кешін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Акимова Жазира жүргізді. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлы құттықтау сөз сөйледі. Елбасымыздың  бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат – мақсатын айқындау мақсатында    «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесімен Сарманова Айдана таныстырды. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін өзінің тамаша «Елбасы» және «Туған елім»атты әндерімен Аудандық мәдени – сауықтыру орталығының әншілері Оспанова Гүлшара Мұхатайқызы мен Қызыров Балтабай орындады. «Тұғырлы мемлекеттегі нұрлы күн» атты бейнебаян оқырмандарға ұсынылды. Мемлекетіміздің елбасына терең құрмет пен берік сенімділік орнату аясында кітапханашы Сатбаева Ботагөз викториналық сұрақ – жауап ойынын жүргізді. Қазақ елін танытқан елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арнау өлеңдері оқылды. «Елбасы – ел тірегі» атты портрет кештің соңында «Елбасы – елдің тұтқасы» слайд – шоу көрсетілді. Келген оқырмандар алғысын айтып тарқасты.