“Шығыстың шынары- Сабира” атты тәрбие сағаты

10.01.2018

14.12.2017 ж сағ 12.00 де   Жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Шығыстың шынары- Сабира”  атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл тәрбие сағатына  Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің 8″А” сынып оқушылары мен  мектеп кітапханашысы  С.Ж Құдабаева қатысты. Шараның  мақсаты :  оқушыларды елін, жерін тілін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі, өжет мінезді ұл қыздардың ерлік  істеріне мәңгі  құрмет көрсетуге баулу, патриоттық сезім қалыптастыру.

Оқушылар шара барысында “Тәуелсіздік деген не?”  атты көрініс қойып, өлең жырларын оқыды. Шара соңында белсене қатысқан оқушылар мен мектеп кітапханашысы мараппатталып, сыйлықтар берілді.  Сонымен қатар”Тәуелсіздік тұғырым” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды.