Жолдау – Жаһандық дамудың жолы

15.01.2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы 9 қаңтар күні жарияланды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы 10 бағытта елімізді дамыту мәселесіне, халыққа бағыт – бағдар беретін стратегиялық жоспарлары үлкен мақсаттарға жетелейді. Аудандық орталықтандырылған кітапханада кітапхана ұжымында Ақпараттық – библиографиялық бөлім меңгерушісі А.К.Оралбаева жолдаумен таныстырып ақпарат сағатын өткізу барысында библиографтар С.Бақышева, А.Абдрашитова, Ж.Адилова, Г.Бергенова 10 бағытын талдап берді.

Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға тиістіміз. Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан даму, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында тарихи өрлеу бастауында бір тұтас ұлттық рухымызды жаңартуда тың серпінді жұмыстар кітапханашылар арасында  да, кітапхана жұмысына үгіт – насихат ұйымдастыруымыз керек деді кітапхана директоры К.М.Исаберлина, осы жолдауға үлкен сенім артып ОКЖ әдіскері Г.Төребаева және бөлім меңгерушілері Г.Ахмедина Ж.Смайлова, Г.Аманбаевалар ұжым болып қолдау көрсететінін айтты. «Цифрландыру дәуірінде» он міндетті шешу жолында жұдырықтай жұмылуымыз қажет. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, біздің күшіміз бірлікте. Кейінгі ұрпақ үшін Қазақ елі өркендеген елге айналуымыз керек.