«Ауғаныстан жауынгерлеріне құрмет»

07.02.2018

7 ақпан сағат 12.00 де «Ауғаныстан жауынгерлеріне құрмет» атты тәрбие сағаты өтті.   Кеш Жезқазған индустриалдық – гумманитарлық колледж студенттерімен , Б. Амалбеков  атындағы орта мектебінің оқушыларымен бірге өткізілді.  Кітапхана меңгерушісі  Исаберлина  Ғалия  Мәжкенқызы  ардагерлерге  ақ тілегін білдірді. Кешті ЖИГК  студенті Абибулла  Есімхан және  Бақытжанова  Меруерт  жүргізді. Тәрбие сағатымызда  ЖИГК студенді  Төлеутаев Тұрар « Мен Қазақпын» әннен шашу шашып,  Мамраева Асылжан, Ауданбаева  Индира және Аманова Инабат  әдеби жыр шумақтарын арнады. Бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымызбен сұхбаттасу үшін ардагерлерімізді әңгімеге тартық. Ауған соғысына қатысып, өздерінің азаматтық борыштарын өтеп қайтып, қасіретті соғыстын қиыншылығын көрген  Тынысбаев  Ермек Айтбайұлы өз өмірі жайлы оқушыларға әңгімелеп  берді. Кітапханашы:  «Ауғанның от жалыны» атты  кітап көрмесіне  Сарманова Айдана Дулатқызы шолу жасады. Тілейміз енді соғыс болмағанын. Жат жерде жансыз дене қалмағанын. Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп, Ашық аспан астында самғағанын!  Ардагер ағаларымыз үлкен ризашылықпен тарқады.