«Мұқағали – сырлы әлем»

09.02.2018

9 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқу залында  Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали  – сырлы әлем» атты кітаптарына библиографиялық шолу жасалды. Шолуға С.Сейфуллин орталықтандырылған кітапхананың директоры Ускенбаева Ш,  кітапхана қызметкерлері және оқырмандар қатысты. Қызмет көрсету  бөлімінің кітапханашысы Жұмасейтова Гүлзат халықты поэзия үнімен сусындатқан Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан топтастырылған  кітаптарына шолу жасап, ақынның өлеңінен үзінді оқыды. Келген оқырмандар ризашылықпен тарқасты.

Мақсаты:  Қазақтың ақиық ақыны, ғажап ақындардың бірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылықтарын оқырмандарға насихаттап, өлең сөздің мағынасын ашу мақсатында құштарлығын арттыру.