“Жүрегіне жыр ұялаған” – атты әдеби сазды кеш

22.02.2018

21 ақпан күні сағат 14.00-де Қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайдың 60 – жасқа толуына орай Жасөспірімдер кітапханасында “Жүрегіне жыр ұялаған” – атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке ЖИГК студенттері қатысып, ақынның жалынды жырларымен жүректі тербейтін әндерін студент жастар мәнерлеп оқып, жатқа айтты. Оның ішінде “Бір – ақ өлең….”, “Ай нұрына шомылған ақ шағала”, “Ақсиса”, поэмасы және “Есіл ағады” әні орындалды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Ғ.Жайлыбайдың үш томдық таңдамалы кітабы, “Тағдырымның тамыры”, “Жүрегімнің жұлдызы” – атты т.б. кітаптарына шолу жасалды.