«Ата Заңым аялайды елімді»

17.04.2018

2018 жылдың 10 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқу залында «Ата Заңым аялайды елімді» атты әңгіме өткізілді. Әңгімені жүргізген қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Адилова Ж.  Шараға кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір отбасынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретіндігін, ата – бабамыз ұлан – ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақбілектің күшімен қорғап, ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткендігі жайлы айтып өтті.