Төкен Әлжантегінің 65 жасқа толуына орай кітаптарына библиографиялық шолу

17.04.2018

2018 жылдың 9 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқу залында халқының ыстық ықыласына бөленген белгілі қаламгер, бірнеше прозалық кітаптардың авторы, жазушы Төкен Әлжантегінің 65 жасқа толуына орай кітаптарына библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: ақын мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа жеткізу. Шараға кітапхананың қызметкерлері және тұрақты оқырмандар қатысты. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы  Жұмасейтова Гүльзат жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы және әр кітабына тоқталып, біраз мағұлматтар берді. Төкен Әлжантегінің шығармалары әдеби сын тарапынан лайықты бағасын алған. Жазушы қаламынан туған кез келген туынды оқырман жүрегінен жол таба алды.