«Қош келдіңіздер, клуб мүшесіне» кездесу отырысы

17.04.2018

29 наурыз 2018 жылы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Арай» ашық сырласу клубы мүшелерімен «Қош келдіңіздер, клуб мүшесіне» атты кездесу отырысы  өтті.

Клубтың мақсаты: Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, тұрпайы тәртіпсіздікке жол бермеуге, жаман жолдан аулақ ұстау, рухани әңгіме, кездесулерге жағдай жасау, адамгершілікке тәрбиелеу.

Отырыс барысында Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі әрі «Арай» ашық сырласу клубының төрайымы Ахмедина Гүлжахан Сайлаубайқызы  сөз алып,  клуб мүшелерінің құрамымен таныстырып өтті.

«Арай» ашық сырласу клуб мүшелерінің құрамы:  

Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасының бас маманы Батталова Динара Жұмабайқызы, Жаңаарқа ауданының Мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Жакупова Гүлім Өміртайқызы, С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ  психологы Балагазина Ғалия Ермекқызы, Ақпараттық – библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Кәртайқызы және қызмет көрсету бөлімнің кітапханашылары.

Клуб отырысының бағдарламалары әр оқырмандардың қызығушылықтарын оятуға бағытталған. Клубтағы әрбір кездесу белгілі бір тақырыптарға арналған. Клуб бір тақырыппен немесе тапсырмалармен ғана емес, клуб мүшелерінің өз еріктерімен және бастамаларымен, жүзеге асырып келе жатқан жұмыстарымен де айырықшаланады. Өзара еркін қарым – қатынас  адамдар үшін де өте пайдалы, әрі тиімді.

Клуб мүшесінің жетекшісі Сатбаева Ботагөз «Арай» ашық  сырласу клубының шығу тарихын, мақсатын, тәрбиелік қызметін, клуб жұмысының ұраны, логотипі, 2018 жылға құрылған жұмыс жоспары, бағдарламасы жайлы айтып өтті. Клуб отырысы тоқсанына бір рет өтеді. Жоспар бойынша «Жол тәртібін білу бәріне міндет» тақырыбында дайындалған буклет таныстырылды. Клуб мүшелері өзара ақпарат алмасып, жылдық жоспарға құрылған жұмыстарды талқылап, оқыған – тоқыған, білгендері бойынша тәжірибе, пікір алысты. Клуб отырысы соңында клуб мүшелері өзінің ой – пікірлерін білдіріп, осындай шаралар жастарға тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.