2018 жылдың 14 мамыр күні Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімі мен «Зейнетақы төлеу орталығы» мекемесінде стационардан тыс қызмет көрсету жұмысы бойынша абыз, дана би Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жылдық мерейтойына орай әңгіме өткізілді.
Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қабылданған «Туған жерім – тұғырым» жобасын жүзеге асыру мақсатында қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын, қоғам қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жыраулық өнердің құдіретін ұғындыру.
Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Адилова Жанагүл абыз, ақын, ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірбаяны мен «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен басылып шыққан «Бұқар жырау» энциклопедиясымен, «XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» кітабымен таныстырылып, ұлы тұлғаның өмір сүргені заманы, дүниетанымы, жыраулық поэзияға қосқан жаңашылдығы, халыққа қалдырған мол мұрасы жайлы әңгімелеп берді.