«Ерлік жырын жырлаймыз» кездесу кеші

18.05.2018

5 мамыр күні Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Ерлік жырын жырлаймыз» кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық  сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды еске алу мақсатында бир минут үнсіздік болды.
Кешті жүргізген қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Адилова Жанагүл.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді құрметтеу, өшпес ерліктерін өскелең ұрпақтарға насихаттау мақсатында Ақпараттық – библиография бөлімінің меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Кәртайқызы атасы Ұлы Отан соғысының ардагері Қылышбеков Құсайын соғыс жылдарындағы ерліктері жайлы баяндап берді. «Ұлы Жеңіске – ұлы үлес» бейнебаян көрсетілді.
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 73 жыл.
Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата – бабамыздың ерліктерін қадірлейтін, бейбіт өмірді бағалайтын – Біздер. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміздің бірі Садулов Абайділдә жайлы Кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Смайлова Жұмабике Съезқызы «Менің атам – майдангер» тақырыбында өз атасы жайында естеліктерден сыр шертті.
Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сатбаева Ботагөз «Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші» атты айстоппер көрмеде оқырмандарға Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай тағзым етуге тәрбелейтін «Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары», Т. Көлбақовтың «Өшпес даңқ», «Аңызға айналған есімдер», «Қаһарман Бауыржан Момышұлы», Бауыржан Момышұлының шығармалары және т.б. кітаптармен таныстырды.
Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Ұлы Отан соғысының батыры Арымбеков Әділ жайлы немересі Адилова Жанагүл баяндап берді.
Оқырмандарға Ұлы Жеңіс күніне қатысты сұрақтар қойылды.
Кеш соңында қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Гүлжахан Сайлаубайқызы құттықтау сөз сөйлеп, елімізде тұрақтылық, бейбітшілік күн болуын тіледі.
Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтауға, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз. Фашизмге қарсы шайқастар мен
онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет.

Кешке  22 оқырман қатысты.