«Кітап – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем!» атты сұрақ – жауап кеші

18.05.2018

23 сәуір Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем!» атты сұрақ – жауап кеші өткзілді.

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.

Кешті жүргізген қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Акимова Жазира мен Сатбаева Ботагөз.

Кешке қатысқандар: Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың директоры Шынар Түлкібайқызы мен кітапхана қызметкерлері және С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ жанындағы интернат тәрбиеленушілері.

Кітап – адам  баласы ақыл – ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі екенін, кітаптан көп үлгі – өнеге мен тәрбие алатынымыз жайлы айтылды.

Оқырмандарға «Кітап – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем!» атты бейнебаян көрсетілді. Кітап  – барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан – жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние. Оқушылардың білімін тексеру мақсатында мақал – мәтелдерді айтып, мақалдың басын жүргізушілер айтып, оқушылар мәтелдің жалғасын тапты.

С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ жанындағы интернат тәрбиеленушілерінің дайындауымен «Кітап құрылымы» атты шағын көрініс көрсетілді.

Кітапқа қатысты жұмбақтар жасырылып, сұрақ – жауап ойыны өткізілді.

«Кітап – өркениет елшісі» атты вернисаж көрмесімен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Адилова Жанагүл таныстырды.

Ақпараттық – библиография бөлімінің библиографы Бақышева Салтанат «рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Әлемде жаңа тарихи кезең басталуда» атты баяндамасын оқыды және Ақпараттық – библиография бөлімінің кітапханашысы Бергенова Гаухар «рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кітаптарына шолу жасады.