«Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат» атты ақпараттық сағаты

18.05.2018

19 сәуір күні Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсаты: Халқымыз ғасырлар бойы аңсап қол жеткізген тәуелсіздіктің тағылымын жас ұрпаққа насихаттау арқылы, оқырмандарды Отан  тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге насихаттау. «Мәңгілік ел орнату» идеясымен ұштастыру жолындағы елдік, мемлекеттік, отаншылдық сезімді көрсету.

Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сатбаева Ботагөз «Мәңгілік ел» – қазақстандық қоғамның жаһандану кезеңіндегі ең мәнді де маңызды, саяси берік идеясы екенін түсіндіре отырып, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында кітапханада өткізіліп  жатқан іс – шара жұмыстары жайлы ақпарат беріп өтті.