«Неке тәрбие» сағаты

18.05.2018

2018 жыл 15 мамыр күні Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың  қызмет көрсету бөлімінде «Арай» ашық сырласу клубынын жұмыс жоспары бойынша «Неке тәрбие» сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: ұрпақ тәрбиесінде ата – бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Отбасы ұғымымен, неке түрлерімен таңыстыру. Отбасындағы неке рөлі туралы түсінік беру.

Елбасының « Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс – шараға Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасының бас маманы Батталова Динара Жұмабайқызы, ақпараттық – библография бөлімінің меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Кәртайқызы, Нығманова Жібек Балташқызы, кітапхана қызметкерлері мен С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ жанындағы интернат тәрбиеленушілері қатысты.

Неке – отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленуімен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Оқырмандарға адамның бойында болатын, жүрегін нұрландырып, өмірін көркейтіп, болашаққа арман, үміт, сенімге алып келетін ғажайып сезімнің бар екендігін ұғындыру мақсатында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Адилова Жанагул «Неке тәрбиесі» сағаты тақырыбында некенің мазмұнын,оның мұсылмандық құндылықтарын ғибратты сөздермен мысалдармен әңгімелеп берді. «Неке қию салты»атты бейнебаян көрсетілді.