«Халықтар достығы – ұлы дәстүріміз» атты әдеби – музыкалық кеші

18.05.2018

26 сәуір күні Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың оқу залында 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Халықтар достығы – ұлы дәстүріміз» атты әдеби – музыкалық кеш өтті. Кеш қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен және «Зерде» жылжымалы мәдени – сауық кешенінің меңгерушісі Оспанова Гүлшара Мұхатайқызымен бірлесіп өткізілді. Қазақ елі бауырмал қонақжай халық. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын берген.  Кешімізге әр ұлт өкілдерінен арнайы қонақтар шақырылып, жылы лебіздерін білдірді. «Қазақстан – достық мекені» атты айстоппер көрмесі ұйымдастырылды. Кешті ЖИГК колледжінің студенті Есімхан Қайырұлы Абибулла қазақ тілінде және қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Гүлжахан Сайлаубайқызы орыс тілінде жүргізді. Мерекелік құттықтау сөз Нұр Отан партиясының Жаңаарқа ауданы филиалы төрағасының 1 – ші орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлына берілді. Шараға қатысқан қонақтар: Нұр Отан партиясының Жаңаарқа ауданы филиалы төрағасының 1 – ші орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлы, тілдер бөлімінің бас маманы Қанапин Марғұлан Бауыржанұлы, Мұрағатшы Жакупова Гүлім, ЖИГК колледжінің мұғалімдері мен студенттері және арнайы шақырылған қонақтар Иванова Елена Ильинична, Дородная Валентина Степановна, Жилкибаева Маржанат Ахмедулаевна. ЖИГК колледжінің студенттері және Мәдени – сауық кешенінің әншілері әннен шашу шашып көпшіліктің көңілін көтеріп тастады. Іс – шара барысында ЖИГК колледжінің студенті Серіков Диас және қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сатбаева Ботагөз және кітапханашы Адилова Жаңагүл әзіл – айтыстан көрініс көрсетіп қонақтардың жүзіне күлкі ұялатты.  Мақсатымыз Халықтар арасындағы достықты нығайту, сол мақсатта студенттердің достық қарым – қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру. Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу болатын.