2018 жылдың 1 маусым күні стационардан тыс қызмет көрсету жұмысы бойынша «Қарлығаш» балабақшасы мен «Ақерке» бөбекжайында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балдәурен, балалық шақ» атты әңгіме өткізілді.
Мақсаты: балаларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру. Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыту, сөйлеу тілдерін жаттықтыру. Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Кітапханашы Сатбаева Ботагөз «Балалар энциклопедиясы» басылымымен шыққан қызықты кітаптарымен таныстырды. Балаларға кітаптар ерекше ұнап, көңілдері бір көтеріліп қалды.