«Ел рәміздерін сақтайық»

24.08.2018

2018 жылдың 4 маусым күні С Сейфуллин атындағы аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Ел рәміздерін сақтайық»  атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты:   ҚР мемлекетінің Елтаңба,Ту,Әнұраны туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихи маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Мемлекеттік рәміздерін жан – жақты түсіндіру арқылы адамдардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру болатын. Шара ҚР Мемлекеттік Әнұраннан басталды. Дөңгелек үстелді жүргізген қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Г. Мемлекеттік рәміздерге арналған бейнебаян көрсетілді. «Ел рәміздері – ел рухы» атты айстоппер көрмесімен кітапханашы Адилова Жанагул таңыстырып өтті.  Әділет басқармасының басшысы Әбдіразақов Әбілқадыр Қаураұлы құттықтау сөз сөйлеп және ҚР мемлекеттік туы туралы тереңнен әңгімеледі. ҚР Мемлекеттік Елтаңба туралы кітапханашы Адилова Жанагул және ҚР Мемлекеттік Әнұран жайлы Жаңаарқа ауданының мемлекеттік мұрағатының  мұрағатшысы  Жакупова Гүлім  баяндап берді. Іс-шараға қатысқан оқырмандар баршаңызды рәміздер күнімен құттықтады. Қатысушыларға рәміздерге арналған буклеттер таратылды.