2018 жылдың 17 мамыр күні Стационардан тыс қызмет көрсету жұмысы бойынша Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасы мекемесіне кітапханашы Сатбаева Ботагөз 7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында әңгіме өткізді. Қызметкерлерге Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріліп, Отан қорғау ісі әркімнің ең басты міндеті екені туралы әңгіме қозғалды. Еліміздің Қарулы Күштерінің тарихы туралы, сондай – ақ әскери тақырып бойынша кітаптар таныстырылды.