Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

24.08.2018

2018 жылдың 31 мамыр күні Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың алдында аудан әкімі Бекқожин Юржан Асанұлының қатысуымен саяси – қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу – қайғылы күні аталып өтілді.

Мақсаты:  өткен ғасырдың  отызыншы жылдары тоталитаризмнің езгісінде қалып,  репрессия құрбандары болған, бірақ мызғымас рухымен ерекшеленген  ұлтымыздың зиялы қауым өкілдерін еске алу, олардың қайраты мен қажырын өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Ақиық ақын, жазушы, дарынды драматург,  солақай саясаттың құрбаны, жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Аудан әкімі сөз сөйлеп, елімізде бейбітшілік болуын тіледі. Жиналғандар құрбандарды бир минут үнсіздікпен еске алды. Мәдени – сауық орталығының әншілері ән айтып, сол зұбалаң жылдардағы құрбандарды еске алу мақсатында көрініс көрсетті.

Шараға қатысқан оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сатбаева Ботагөз «Қияметті жылдар жаңғырығы» атты құрмет көрмесімен таныстырды. Көрмеге халқымыздың санасына  өшпестей із қалдырған саяси қуғын – сүргін, аштық құрбандары туралы қазақ, орыс тілдерінде кітаптар мен фотосуреттер қойылды.

Шараға ауданның бас имамы Асхат Қанайұлы, облыстық маслихат депутаты Ғазым Жарылғапов, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер басшылары, еңбек ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Зұлмат жылдары  жазықсыз атылып кеткен қандастарымызды ұмытпау – болашақ ұрпақтың қасиетті борышы.