АКЦИЯ!!! “Буккроссинг”, “Еркіндіктегі кітап”

28.08.2018

 ҚЫМБАТТЫ ОҚЫРМАНДАР!!!

Сіздер үшін жақсы жаңалық! Сіздерді С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен: «Саяхаттанушы кітаптар кітапханасы» немесе «Еркіндіктегі кітап» жобасының ашылуы болады. «Еркіндіктегі кітап», «Өзің оқы да – басқаға бер», «Жақсы кітап – жақсы адамда» қағидасына негізделген қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Мақсаты:

  • кітап оқуды дәріптеу;
  • кітап оқуға тарту.

Біз өз кітаптарымызды кез келген ниет білдіруші оқырман оқу үшін, С.Сейфуллин атындағы кітапханасының алдындағы ұяшыққа кітаптарды қалдырамыз. Оқырман келіп, ұяшықтағы кітаптармен танысып акцияға қатысуына болады. Акция осы жылдың соңына дейін жалғасады…

Кітапты тауып алып  оқыған оқырмандарымызға Вконтакте, WhatsApp, Instagram желісіне тіркеліп өз пікірлеріңізді қалдырып кетулеріңізді сұраймыз.

Жыл соңында осы айтылған желілерге тіркеліп пікір қалдырған оқырмандарымызға хабарласып, сол кітап жайында пікір талас өткізіп, лотерея ойынын және алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстаймыз!

 

Біздің мекен-жай:  Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин даңғылы, 28

 

эл.пошта: olke.zhanaarka1943@mail.ru

instagram: @bookcrossing2

WhatsApp: 87020581843, 87087548820

Вконтакте: id396894497

сайт: www.zhanlib.kz