Аудандық «Жаңаарқа» газетінің 80 жылдық мерейтойы Мәдениет үйінде аталып өтілді

28.08.2018

23 тамыз 2018 жылы Аудандық «Жаңаарқа» газетінің 80 жылдық мерейтойы Мәдениет үйінде аталып өтілді. Газеттің мерейтойы – ауданның мерейтойы. «Жаңаарқа» газеті – аудан айнасы, аудандық газет. Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхана директорының орынбасары Қожаберлина Раушан мен кітапханашы Сәтбаева Ботагөз «Жаңаарқа» газетінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырды. «Жаңаарқа» газетінің әр жылдардағы сандары мен фотокөрмелер,  Жаңаарқа ауданынан шыққан ақын – жазушылар, әдебиетші ғалымдар туралы кітаптар, «Жаңаарқа» газетінде қызмет еткен редакторлары мен қызметкерлері жайлы мәліметтер қойылды.