“Буккроссинг”

28.08.2018

Кітап пен оқырман байланысын жетілдіруге, жақсы кітапты насихаттауға тікелей қатысы бар бұл сауалдың жауабын жалғыз біз емес, бүкіл  әлем жұртшылығы іздестірілуде. Мәселен, Еуропада «буккроссинг» деген қозғалыс бар.Ол бұдан оншақты жыл бұрын АҚШ та әуесқойлық әрі қоғамдық қозғалыс түрінде пайда болған деп есептелген.

Ағылшын тіліндегі «буккроссинг» сөзі тура баламасында кітаптың азат етілуі деген мағынаны береді, орысшасы—»книговорот», қазақшаға аударылғанда «Кітаптың айналыста жүруі» болып шығады.Аталған қозғалыстың мәні неде десеңіз: кез келген адам өзі оқып  шыққан соң белгілі бір кітапты жұрт көп жүретін жерде әдейі «ұмытып» кетеді; оны басқа бір адам алып оқиды, оқып болған соң, ол да сол жерде «ұмыт қалдырады», сөйтіп кітап үшінші адамның қолына тиеді,осылайша жақсы кітап «саяхатқа шығып», елге тарала береді…Бірер жылдан бері осы қозғалыс Ресейдің Мәскеу, Санкт—Петербург, Новосібір, Тверь сияқты қалаларында жан азығын жаңғырту үшін пайдасы бар, аталған қозғалыс—тәжірибені біз де өз мақсатымызға орай орнықтыра аламыз.Мысалы, бүгінде басқа жерлерге өнеге—үлгі бола бастаған  Жаңаарқамызда осындай жаңа қозғалысты қолға  алсақ, оны кейін  басқа өңірлерге таратуға болар еді.Шартты түрде «Жаңаарқаның азат кітабы» немесе Азат кітап» деп атап, зиялы қауымның , қарапайым оқырмандардың , қоғамдық ұйымдардың  кеңінен қатысуымен кітаптың, әсіресе қазақ кітаптарының жұртшылыққа жетуін, халық арасында таралуын, жан—жақты насихатталуын өзімізше құруға жол ашылар еді. Ең  бастысы—бұл идеяны мүдделі органдардың  қолдауы керек.Сонда ғана оны әртүрлі формалармен байытып, жетілдіріп, отандастарымыздың жаппай кітап  оқу азайып кеткен қазіргі заманда «Еркіндіктегі кітап» қозғалысын кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге айналдырудың  ешқандай артықтығы жоқ.Егер адам кітапқа  қарай жүргісі келмесе, онда кітаптың өзін адамға  қарай жүргізіп , оны оқырман орбитасында шыр айналдыру, адамдардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру керек.