«Д. Жұмасейітовтың туғанына 65 жыл»

28.08.2018

Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың стационардан тыс қызмет көрсету жұмысы бойынша «Зейнетақы төлеу орталығы» мекемесінде «Д. Жұмасейітовтың туғанына 65 жыл» – естелік көрмесі таныстырылды. Мақсаты: Айтыскер ақын, әдебиетші, Жаңаарқа аудандық Мәслихатының депутаты Д. Жұмасейітовтың өмір жолы туралы таныстыру.
Кітапханашы Сәтбаева Ботагөз Дүйсенбай Жұмасейітовтың өмірі турасында ой қозғап, естеліктерін ортаға салып, фотосуреттерін көрсетті.