Ғалым Жайлыбайдың 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Туған жерге байланған кіндігім бар» атты шығармашылық кеші өткізілді

28.08.2018

22-тамыз күні аудандық мәдени-сауық орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар одағы С.Есенин атындағы алтын медалінің иегері, ақын жерлесіміз Ғалым Жайлыбайдың 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Туған жерге байланған кіндігім бар» атты шығармашылық кеші өткізілді. Іс шарада С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапханасы оқырмандарға ақын ағамыздың өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Жүрегіне жыр ұялаған» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, әдіскер Жаншораева Айгерім көрмеге шолу жасады.