Қазақ жазушысы, аудармашы І. Жарылғаповтың туғанына 100 жыл (1918-1991жж) құрмет көрмесі

28.08.2018

2 тамыз 2018 жылы көрнекті қаламгер, аудармашы, ғалым Ісләм Жарылғаповтың 100 жыл толуына орай құрмет көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты Ісләм Жарылғаповтың өмір жолы мен жазушылық қызметі, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқырмандардың білімдерін жүйелеу, қызықты да қиын тағдырға толы жазушы өмірін келешек ұрпаққа үлгі ету, эстестикалық тұрғыда тәрбие қалыптастыру көзделді.
Ұлттық тілімізге 500 – ден астам жаңа сөз қосқан белгілі сөз сазгері Ісләм Жарылғапов – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Көркем әдебиет саласындағы орыс, шетел жазушылардың әр жанрдағы шығармаларын қазақшалаған, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым.
Кітапханашы Сатбаева Ботагөз жазушының өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып, «Жаңаарқа энциклопедиясы», «Аралбай батыр» шежіресі, Өтеш Қырғызбаевтың «Сөз зергері Ісләм Жарылғапов» атты кітаптарына шолу жасады.