«Заңы заңғар елдің – заманы озық» атты дөңгелек үстел

29.08.2018

28 тамыз 2018 жылы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Заңы заңғар елдің – заманы озық» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету. Оқырмандарды ұлтжандылыққа баулып,  құқықтық тәрбие беру.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының әнұраны ойнатылды. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Адилова Жаңагүл Ата Заңымыздың шығу тарихы туралы баяндама оқыды. «Ата Заңым – айбыным» тақырыбында бейнебаян ұсынылып, қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Сатбаева Ботагөз «Өмірге келдің заңынды білгің» атты сауалнама өткізді. «Ата заңым – абыройым» атты кітап көрмесімен кітапханашы Адилова Жаңагүл таныстырды. Көрмеде мемлекет және құқық тарихы туралы  әдебиеттер, «Қазақтың ата заңдары» құжаттар мен материалдары, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары қойылды. «Азат елдің ар – намысы» тақырыбында Ата Заңға арналған қара өлеңді кітапханашы Сәтбаева Ботагөз мәнерлеп оқып берді. Шара соңында «Заңы заңғар елдің, заманы озық» дайындалған слайд көрсетілді.