«Мемлекеттік тіл – татулықтың тірегі» атты кітап көрме

07.09.2018

2018 жылы 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – татулықтың тірегі» атты кітап көрме мен «Тіл – тұғырым» атты презентация көрсетілді.  Мақсаты: мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру, ана тіліміздің қадір-қасиеті мен туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын ұғындыру, тіліміздің мәртебесін көтеру.

Көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар, журналдар беттеріндегі мәліметтер ұсынылып, кітапханашы Дюсенбекова Гүлімай библиорграфиялық шолу жасады. Атап айтсақ: Рабиға Сыздықова «Абай шығармаларының тілі», Ахмет Байтұрсыновтың тілтанымдық мұрасы, Олжас Сүлейменов «Таңбалар тілі», М.Балақаевтің «Қазақ тілінің мәдениеті», Т.Аяпов «Қазақ тілі», Қ.Аханов «Тіл білімінің негіздері»,  тағы басқа кітаптар көрмеге қойылған. Кітапханашы Жұмасейітова Гүлзаттың «Тілім менің – қасиетім, ардағым» атты дайындаған ұсыныс құралы таныстырылды.

. Тілдер күні – мемлекет азаматтарының достығының, туысқандығының, бірлігінің белгісі.

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі құтты болсын!