«Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі»

20.09.2018

18 қыркүйек 2018 жылы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхананың Стационардан тыс қызмет көрсету жұмыс жоспары бойынша «Ертөстік» және «Балдырған» балабақшаларында «Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі» атты әңгіме өткізілді.

Мақсаты: Бүлдіршендерге отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, «Отбасылық  құндылықтар»  ұғымы  туралы түсінік беру; оқырмандардың  бойында  отбасына, отбасы мүшелеріне  деген сүйспеншілігін  арттыру; әдебиеттерді насихаттау. Кітапханашы Сатбаева Ботагөз бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіріп, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана баланың бас ұстазы екенін түсіндірді. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру жайлы  әңгімелеп берді.